Презентация - Ел рәміздері - еркіндік нышаны!

Нужно больше вариантов? Смотреть похожие
Нажмите для полного просмотра
Ел рәміздері - еркіндік нышаны!
Распечатать
  • Уникальность: 80%
  • Слайдов: 10
  • Просмотров: 12072
  • Скачиваний: 3100
  • Размер: 3.44 MB
  • Онлайн: Да
  • Формат: ppt / pptx
В закладки
Оцени!
  Помогли? Поделись!

Слайды и текст этой онлайн презентации

Слайд 1

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 1
:
" Ел рәміздері - еркіндік нышаны! "
.

Слайд 2

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 2
1992 жылы 4 –маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны- Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным. Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным Рәмізім-елдігімнің белгісі, Білу керек бала дағы ең кіші. Рәміздерім-әнұран, ту, елтаңба, Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Слайд 3

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 3
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны- Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным. Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар. Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар. Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай. Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай! Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемнін, Жырың болып төгілемін, елім! Туған жерім менің-Қазақстаным.

Слайд 4

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 4
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Тудың ортасында күннің 32 шұғыласы, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тік жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түсті.

Слайд 5

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 5

Мемлекеттік Ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнектік жолақ түрінде нақышталған. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы — 1:2. Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі алтын түсті. Біріңғай көгілдір түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Ежелгі түрік тілінде «көк» сөзі аспан деген ұғымды білдіреді. Көктүс түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Тудағы көгілдір түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттілікке ұмтылған ниет-тілегінің, тазалығының, асқақтығын көрсетеді деп қорытуға болады. Нұрға ма­лынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн — қозғалыс, даму, өркендеудің және өмірдің белгісі. Күн — уақыт, замана бейнесі. Қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Ұлан байтақ кеңістікте қалқықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін паш етеді.

Слайд 6

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 6
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң күші бар Жарлығымен (24.1.1996) белгіленген. Рәміздік тұрғыдан ҚР мемлекеттік Елтаңбасының негізі – шаңырақ. Ол – Елтаңбаның жүрегі. Шаңырақ – мемлекетттің түп негізі – отбасының негізі. Шаңырақ – Күн шеңбері. Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті. Шаңырақ – киіз үйдің күмбезі, көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі. Тұлпар – дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты, жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар – қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі. Қанатты Тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүретін Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесін паш етеді. Бес бұрышты жұлдыз Елтаңбаның тәжі іспетті. Әрбір адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов.

Слайд 7

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 7
Тәуелсіздік шежіресі

Слайд 8

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 8

Слайд 9

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 9
Егемен еліміздің еңсесін көтерер, Тәуелсіз мемлекетіміздің туын асқақтатар ұланы болыңыздар! Баршаңызды алдағы келе жатырған 16желтоқсан “Тәуелсіздік күнімен” құттықтаймыЗ!

Слайд 10

Ел рәміздері - еркіндік нышаны!, слайд 10
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
^ Наверх
X
Благодарим за оценку!

Мы будем признательны, если Вы так же поделитесь этой презентацией со своими друзьями и подписчиками.