Презентация - Химиялық элементтердің валенттілігі

Нужно больше вариантов? Смотреть похожие
Нажмите для полного просмотра
Химиялық элементтердің валенттілігі
Распечатать
  • Уникальность: 86%
  • Слайдов: 24
  • Просмотров: 9466
  • Скачиваний: 2689
  • Размер: 0.98 MB
  • Онлайн: Да
  • Формат: ppt / pptx
В закладки
Оцени!
  Помогли? Поделись!

Слайды и текст этой онлайн презентации

Слайд 1

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 1
«Химиялық элементтердің валенттілігі »
Торебекова Сания Сырлыбековна Химия пәні мұғалімі «Мектеп-балабақша кешені» КММ

Слайд 2

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 2
а) білімділік: оқушыларға элементтердің валенттілігі туралы мағлұмат беру ә) дамытушылық: элементтердің валенттілігін анықтау; қосылыстардың формуласын құрастыру; қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастыру біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу; б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты:

Слайд 3

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 3
I. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру II. «Ой шақыру» кезеңі: сұрақтар қою арқылы және тірек–сызба бойынша үй тапсырмасын тексеру: III. Ұғыну кезеңі. Валенттілік туралы түсінік IV. Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу V. Екі элементт атомдарынан құралған қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі VI. Қосылыстардың құрылымдық формулулары туралы түсінік VII. Cабақты қорытындылау
Сабақ жоспары

Слайд 4

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 4
1 нұсқа сұрақтары: Заттар қандай бөлшектерден құралған? Атомдармен мен молекулалардың айырмашылығы қандай? Химиялық элемент дегеніміз не? Жай заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер. 2 нұсқа сұрақтары: Күрделі заттың анықтамасы; мысал келтіріңдер. Химиялық формула анықтамасы; мысал келтіріңдер. Индекс, коэффициент дегеніміз не? Химиялық реакция дегеніміз не?
«Ой шақыру» кезеңі «Cен білесіңбе?»

Слайд 5

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 5
1 нұсқа. Келесі элементтердің таңбаларын жазыңдар: магний, хлор, фтор, қорғасын, қалайы, бром, кальций, алтын, фосфор, күкірт . 2 нұсқа. Келесі элементтердің атауларын жазыңдар: Mn, Ba, Li, Hg, N, Si, K, Fe, Ag, C
«Химиялық диктант»

Слайд 6

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 6
1 нұсқа: Mg, Cl, F, Pb, Sn, Br, Ca, Au, P, S 2 нұсқа: марганец, барий, литий, сынап, азот, кремний, калий, темір, күміс, көміртек
«Химиялық диктант» ЖАУАПТАР

Слайд 7

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 7
1 нұсқа. Келесі қосылыстардың молекулалық массасын анықта: K2SО4, Са(NО3)2 2 нұсқа. Келесі қосылыстағы элементтердің массалық үлестерін анықта: Nа2SО4
«Кім жүйрік?»

Слайд 8

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 8
Жауаптары 1нұсқа: K2SО4 - 174, Са(NО3)2 -164 2. нұсқа: Nа - 32, 39%, S - 22,54%, О – 45,07%
«Кім жүйрік?»

Слайд 9

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 9
Тапсырма: HCl , H2O, NH3, CH4 қосылыстарының сандық және сапалық құрамын салыстырыңдар. Молекулалардың қандай ұқсастығын байқадыңдар? Молекулалардың айырмашылығы неде?
Валенттілік туралы түсінік

Слайд 10

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 10
Не себептен әртүрлі атомдар сутектің әртүрлі атом санын қосып алады?
Мәселенің шешімін табыңдар

Слайд 11

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 11
Қосылыс тузгенде атомдар басқа атомдардың, өзіне тәң, белгілі бір санын ғана қосып алады. Бүл қабілет “валенттілік” деп аталады. Валенттілік сөзі латын сөзі valentia –күш деген мағынасын білдіреді
Мәселені талқылау бйынша қорытынды жасау:

Слайд 12

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 12
Валенттілік – химиялық элемент атомының басқа химиялық элемент атомдарының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. Валенттік химиялық элементтің таңбасының үстінгі жағына рим сандарымен жазылады.   I I I II I III I IV HCl H2O H3N H4C  Сутек атомының валентігі I, ал оттек атомының валенттігі II тең
“Валенттілік” терминін Э.Франкленд 1853 ж. енгізген

Слайд 13

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 13
Тұрақты валентті элементтер I валетті элементтер: H, Li, Na, К, Rb, Cs, F, Ag IІ валетті элементтер: О, Be, Mg, Ca, Sr, Ba, Zn, Cd IІІ валетті элементтер: B, Al
Валенттілігі өзгермейтін элементтердің валенттігін тұрақты, ал валенттілігі өзгеретін элементтердің валенттігін айнымалы деп аталынады.

Слайд 14

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 14
I және ІІ валетті : Cu, Hg. Мысалы: Cu2О, CuО IІ және ІІІ валетті : Fe, Co, Ni. Мысалы: FeО, Fe2О3 IІ және IV валетті: Sn, Pb, C. Мысалы: СО, СО2 IІІ және V валетті : P, As. Мысалы: Р2О3, Р2О5 II, IV және VІ валетті : S. Мысалы: Н2S, SО2, SО3 II, III және VІ валетті : Cr. Мысалы: CrО, Cr2О3, CrО3 II, IV, VI және VII валетті : Mn.Мысалы: MnО, MnО2, MnО3, Mn2О7 I, III, V және VII валетті : Cl, Br, I. Мысалы: Cl2О, Cl2О3, Cl2О5, Cl2О7
Айнымалы валентті элементтер

Слайд 15

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 15
Валенттілікті анықтау заңдылығы: Молекулада бір элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің саны екінші элементтің барлық атомдарының валенттіліктерінің санына тең
Қосылыстағы элементтің валенттілігін анықтау алгоритмімен танысу

Слайд 16

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 16
1. Қосылыстың формуласын жазыңдар H2S, Cu2O 2. Валенттігі белгілі элементтің валенттігін белгілеңдер I II H2S Cu2O 3.Валенттігі белгілі элементтің валенттігін оның атомының санына көбейтіңдер (Ix2=2),(IIx1=2) 2 2 I II H2S Cu2O 4.Алынған санды валентігі белгісіз элементің атомдарының санына бөліңдер. Алынған жауап ізделінген валенттік болып табылады (2:1=II),(2:2=I) 2 2 I II I II H2S Cu2O
Элементтің валенттілігін анықтау алгоритмі

Слайд 17

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 17
1 нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3 2. нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3
Қосылыстардағы элементтің валенттілігін анықтаңдар

Слайд 18

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 18
IV I VI II I II IV II II II VI II 1 нұсқа: SiH4, CrO3, H2S, CO2, CO, SO3 I I V II VII II III I I II III II 2 нұсқа: HBr, Cl2O5, Cl2O7, РН3, K2O, Al2O3
Жауаптары

Слайд 19

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 19

Екі элементтен құралған қосылыстың формуласын құрастыру алгоритмі
1. Элементтердің символдарын жазу Р О
2. Элементтердің валенттілігін жазу V-II P O
3. Валенттілік сандарының ең кіші орта еселігін анықтау VxII= 10
4.Анықталған ЕКО санын элементтердің валенттілігіне бөліп элементтердің атомдарының қатынасын анықтау. Қатынасын білдіретін сандар элементтердің индекстері болып табылады 10 : V = 2, 10 : II = 5; P : О = 2 : 5
5. Элемент символдарының қасына индекстерін жазу Р2О5

Слайд 20

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 20
II I III I V II III II VII II 1нұсқа: CaCl PCl NO CrO ClO VI II II I III I VII II III II 2-нұсқа: СrO BaCl AlH MnO PO
Қосылыстардың формулуларын құрастырыңдар

Слайд 21

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 21
1нұсқа: CaCl2 PCl3 N2O5 Cr2O3 Cl2O7 2-нұсқа: СrO3 BaCl2 AlH3 Mn2O7 P2O3
Жауаптары

Слайд 22

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 22
Құрылымдық формула – молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін анықтайды. Атомдардың арасындағы байланыс саны сызықшамен белгіленеді. III II IV II Fe2О3 О=Fe-О-Fe=О SO2 O=S=O VII II Cl2O7 O=Cl-O-Cl=O   O O
Қосылыстардың құрылымдық формулaлары

Слайд 23

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 23
1. Оқушылармен сұрақ-жауап жүргізу: Біз сабақ барысында қандай мәселені шештік? Қандай қорытындыға келдік? Валенттілік ұғымына анықтама беріңдер. Сутек атомының валенттілігі неге тең? Оттегінің валенттілігі? 2. Оқушылардың білімін бағалау.
Cабақты қорытындылау

Слайд 24

Химиялық элементтердің валенттілігі, слайд 24
Н.Нурахметов т.б.,Химия -8 оқулығы §11-12; №3 34 бет; №3-4 36 бет
Үйге тапсырма
^ Наверх
X
Благодарим за оценку!

Мы будем признательны, если Вы так же поделитесь этой презентацией со своими друзьями и подписчиками.