Презентация - Темір тапшылықты анемия

Нужно больше вариантов? Смотреть похожие
Нажмите для полного просмотра
Темір тапшылықты анемия
Распечатать
  • Уникальность: 92%
  • Слайдов: 39
  • Просмотров: 2762
  • Скачиваний: 1046
  • Размер: 0.72 MB
  • Онлайн: Да
  • Формат: ppt / pptx
В закладки
Оцени!
  Помогли? Поделись!

Слайды и текст этой онлайн презентации

Слайд 1

Темір тапшылықты анемия, слайд 1
Темір тапшылықты анемия
Орындаған: Сарсенова Ұ Қабылдаған: Абласанов А Тобы: ЖМ-509

Слайд 2

Темір тапшылықты анемия, слайд 2
Анықтамасы
Анемия – шеткі қанның бірлік көлемінде Нв мен эритроциттеррдің төмендеуі салдарынан туындайтын симптомдар жиынтығы

Слайд 3

Темір тапшылықты анемия, слайд 3
Анемияның критерийлері: әйелдерде Нв 120 г/л, эритроциттер санының 4 х 1012/л, еркектерде Нв 140 г/л, эритроциттер санының 4,5 х 1012/л аздығы.

Слайд 4

Темір тапшылықты анемия, слайд 4
Ауырлық дәрежелері
Жеңіл- гемоглобин 90-119 г/л Орта - гемоглобин 70-89 г/л Ауыр – гемоглобин менее 70 г/л

Слайд 5

Темір тапшылықты анемия, слайд 5
Темір тапшылықты анемия
Организмде темірдің төмендеуімен сипатталатын патологиялық жағдай

Слайд 6

Темір тапшылықты анемия, слайд 6
Өзектілігі
Жер шарының әрбір 4-ші тұрғыны темір тапшылықты анемиямен ауырады Қазақстанда 70% таралған

Слайд 7

Темір тапшылықты анемия, слайд 7
ТТА себебі
Темірдің түсуіне қарағанда қолданылуы жоғары жағдайлар: Қан кетулер Жүктілік Бойдың тез өсуі (1-2 жаста, жыныстық жетілу кезеңі) Организмге жеткіліксіз түсуі Сіңірілудің бұзылуы (аш ішектегі қабынулық, тыртықтық немесе атрофиялық процесстер)

Слайд 8

Темір тапшылықты анемия, слайд 8
Патогенезі
Темір гем құрамына кіретін қосылыс, ол гемоглобин құрамында оттегін байланыстыра алады, миоглобин құрамында бұлшық еттердің жиырылуын қамтамасыз етеді, тін клеткаларындағы тотығу үрдістерін қамтамасыз етеді (цитохром, каталаза және пероксидаза).

Слайд 9

Темір тапшылықты анемия, слайд 9
Терірдің қорда жиналуы
Ферритин және гемосидерин Темірдің тасымалдануы трансферрин (сидерофилин).

Слайд 10

Темір тапшылықты анемия, слайд 10
ТТА даму сатылары
Қордағы темірдің қолданылуы (темірдің латентті тапшылығы) Темірдің тіндердегі тапшылығы (ферменттер белсенділігінің және тіндердің тыныстық қызметінің бұзылуы) ТТА анемия.

Слайд 11

Темір тапшылықты анемия, слайд 11
Клиника
Анемиялық синдром Әлсіздік, ентігу, тез шаршағыштық, кейде ұйқышылдық, кардиалгиялар. шаршаудан кейінгі бас ауру, бас айналу. Анемияның ауыр түрінде талмалардың көрінуі. Жүрек тұйықтығының солға кеңейуі, өкпе артериясында және жүрек ұшында анемиялық систолалық шу, мойындырық венасында шудың естілуі, тахикардия және гипотензия. ЭКГ да реполяризация, миокардиострофии көріністерінің бұзылыстары көрінеді.

Слайд 12

Темір тапшылықты анемия, слайд 12
Сидеропениялық синдром ( эпителий тінінің трофикалық бұзылысы және тіндік гипоксиясы):
бұлшықет әлсіздігі (тек қана ТТА) қышқыл, өткір, тұзды тағамға әуестену,дәм сезудің бұрмалануы ауыз қуысында өзгерістер: дәм сезудің төмендеуі, тілде ашып күйдіру сезімдері, атрофиялық өзгерістер, тіл ұшында және жиегінде жарықтардың болуы, ауыр жағдайларда қызару аймақтары дұрыс емес қалыпта болуы (географиялық тіл) және афтозды өзгерістер, тіс эмальінің өзгерістері.

Слайд 13

Темір тапшылықты анемия, слайд 13
Еріннің шырышты қабатында атрофиялық өзгерістер: ауыз бұрышында жарылулар (хейлоз). Жұтқыншақта бөгде дененің тұрғаны тәрізді жұтынудың бұзылысы (синдром Пламмера - Винсона) Терінің және шаштың құрғауы: бозғылттану, кейде жеңіл жасыл түсті (хлороз) және тез бетте пайда болатын қызару, құрғақтылық аяқ қол саусақтарында жарылулардың болуы. Шаштар жылтырлығын жоғалтады, ағарады, жіңішкереді, сынғыш, ерте ағарады және түскіш болады. АІЖ (атрофиялық гастрит және ахилия) : кекіру, тамақтан кейін іште ауырсынудың сезінуі, жүрек айну. Тырнақтарда өзгерістер: жіңішкеруі, тез сынғыш, тез ажыратылады, айқын өзгерістер койлонихия болады

Слайд 14

Темір тапшылықты анемия, слайд 14
Диагностика
ҚЖА: гипохромия микроцитоз аннулоциттер (эритроциттердің ортасында гемоглобин жоқ болуына байланысты сақина тәрізді болуы) Эритроциттердің өлшемдері және түрлері әр түрлі (анизоцитоз, пойкилоцитоз). Ретикулоциттер саны өзгермеген

Слайд 15

Темір тапшылықты анемия, слайд 15

Қалыпты қан көрсеткіші

Слайд 16

Темір тапшылықты анемия, слайд 16

Гипохромия, микроцитоз

Слайд 17

Темір тапшылықты анемия, слайд 17

Гипохромия, микроцитоз.

Слайд 18

Темір тапшылықты анемия, слайд 18
Биохимиялық зерттеулер
Қалыпты жағдайдағы темір мөлшері 0,7 - 1,7 мг/л, немесе 12,5 - 30,4 мкмоль/л. Қан плазмасының темірді жалпы байланыстыру қасиеті (немесе қан сары суындағы трансферрин) ТТА кезінде жоарылайды (қалыптыда - 1,7 - 4,7 мг/л, немесе 30,6 - 84,6 мкмоль/л). Қан сары суындағы ферритин деңгейі (қордағы темірдің көрсеткіші). Қалыптыда ерлерде 106 ± 21,5 мкг/л, ал әйелдерде 65 ± 18,6 мкг/л. ТТА кезінде ферритин мөлшері 10 мкг/л төмен.

Слайд 19

Темір тапшылықты анемия, слайд 19
ТТА ағымы
Организмнің қызметтік бұзылыстары жоқ кезінде (жүктілік, >40 жастан асқан әйелдер) ТТА диагностикасы қиын Жасырын тапшылық кезеңінде (тінннің гипосидерозы және темір тасымалдануының төмендеуі). Сары судағы темір деңгейі және ферритин мөлшері төмендейді, қан плазмасының темірді жалпы байланыстыру қасиеті, трансфериннің қанығу коэффиценті төмендейді (қалыптыда 30%, 15% төмендесе ТТА көрсетеді). Темір қоры анық таусылса ТТА клиникасы айқын

Слайд 20

Темір тапшылықты анемия, слайд 20
Себебенін анықтайтын қосымша әдістер
Асқазан сөлінің қышқылдығын анықтау. Нәжісті паразиттерге зерттеу. Нәжісті жасырын қанға тексеру АІЖ рентгенологиялық зерттеу (асқазан жарасы, диафрагма жарығы, қатерлі ісіктіер және т.б.). Гинекологиялық тексерулер. Тік ішекті зерттеу (жаралық колит, ісіктер, геморрой).

Слайд 21

Темір тапшылықты анемия, слайд 21

Клиникалық жағдай
Науқас А, 42 жаста. 12 елі ішектің жара ауруымен ауырады. Шеткі қанда: WBC 5,9х 109/л, RBC-3,45x1012/л (3,6-5,3x1012/л), НЬ 54 г/л, Ht 19.1% (қ.ж.40-48), MCV-55,4 фл (қ.ж. 80,3-103,4), МСН 15,7 пг (қ.ж. 26,-34,4), МСНС - 283 (318-363) г/л, RDW -25,0 (33,4-49,2) %, PLT 151,0x 109/л (қ.ж.134-377)
Гипохромия и микроцитоз
Эритроцитарлық гистограмма солға ығысқан микроциттерге байланысты

Слайд 22

Темір тапшылықты анемия, слайд 22
Клиникалық жағдай Науқас Баян, 35 жаста, анамнезінде эндометриоз бар. Меноррагияға шағымданады. Шеткі қан анализінде. WBC - 3,9х 109/л, RBC 2,72х 1012/л, НЬ - 48 г/л, Ht - 16,6%, MCV -61,0 фл, МСН 17,6 пг, МСНС - 289 г/л, RDW -28,1%. PLT 131,0x109/л
Гипохромия, микроцитоз, анизоцитоз
Эритроцитарлық гистограмма солға ығысқан микроциттерге байланысты

Слайд 23

Темір тапшылықты анемия, слайд 23
Дифференциалды диагностика
гипохромды анемиялар порфириндер синтезінің бұзылысымен жүретін анемиялар (қорғасынмен улану кезіндегі анемиялар, туа пайда болған порфириндер синтезінің бұзылысы), сонымен қатар талассемия. Сидероахрезиялық анемия

Слайд 24

Темір тапшылықты анемия, слайд 24
Емі :
Нв 70 г/л ден төмен болғанда госпитализацияға көрсеткіш болады, ал қалған жағдайда амбулаторлы. Темір тапшылықты анемияның емі науқастарға темір препараттарын қабылдаумен негізделеді.

Слайд 25

Темір тапшылықты анемия, слайд 25
Тағам құрамындағы темірдің мөлшері
Өте көп мөлшерде (100 г тағамда 3 мг)_ бауыр, бүйрек, жүрек, тіл, қоян еті, үндік, жылқы еті, уылдырық, гречка, сұлы, бидай, бұршақ (горох), фасоль, саңырауқұлақтар, қара өрік, өріктер, теңіз капустасы.

Слайд 26

Темір тапшылықты анемия, слайд 26
Көп мөлшерлі: (2-3 мг на 100г): сиыр еті, қой еті, тауық еті, копченые колбасы, скумбрия, жұмыртқа, манный құрамы, 2 сортты ұннан жасалған нан құрамында, айва, хурма, алмұрт, алма, өріктер, қара өрік, салат.

Слайд 27

Темір тапшылықты анемия, слайд 27
ТТА 3 кезеңмен емделеді.
1 кезең -гемоглобин деңгейін және шеткі қандағы темірді қалпына келтіру; 2 кезең -тіндердегі темір қорын толтыру; 3 кезең - өршулердің алдын алу үшін ем.

Слайд 28

Темір тапшылықты анемия, слайд 28
Аз мөлшерде (до 1мг) – сүт, сүт тағамдары, жоғары сортты ұннан жасалған нан тағамы, картоп құрамы, цитрустар құрамы, қияр, асқабақ, жасыл бұршақ.

Слайд 29

Темір тапшылықты анемия, слайд 29

Слайд 30

Темір тапшылықты анемия, слайд 30
Сорбифер-дурулес –құрамында аскорбин қышқылы бар, тәулігіне 100 мг нан 1- 2 рет. Тардиферон – мукопротеаза, тәулігіне 100 мг – нан 1-2 рет. Актифферин –3-4 рет күніне Гемофер-пролонгатум _ 105 мг Ферроградумет 105 мг Ферроплекс – аскорбиновая к-та, 50 мг

Слайд 31

Темір тапшылықты анемия, слайд 31
Темір препараттарын тағайындауға кері көрсеткіштер
сидероахрезиялық анемия Бауыр цирррозы Созылмалы панкреатит АІЖ жаралары, гемохроматоз, гемосидероз.

Слайд 32

Темір тапшылықты анемия, слайд 32

Слайд 33

Темір тапшылықты анемия, слайд 33
Ферлатум 80 мг тәулігіне 2 флакон 3-4 апта бойы

Слайд 34

Темір тапшылықты анемия, слайд 34
Парентералды ендірілетін препараттар
ферковен (көк тамырға) фербитол, (бұлшық етке) Натрий оксиферрискорбон (б\е және к\т).

Слайд 35

Темір тапшылықты анемия, слайд 35
Диспансерлік бақылау
Жылына 2 - 4 рет ЖҚА және сарысудағы темір деңгейін тексеру керек Организмдегі темір қорын толтырып тұру үшін темір препараттарымен жылына 1 - 2 рет ем курсын қабылдаған жөн. Қауіп тобындағы науқастардан темірдің жасырын тапшылығын анықтап керек.

Слайд 36

Темір тапшылықты анемия, слайд 36
Қауіп топтары
Етек кір мерзімі 5 күннен артық және көп мөлшерде келетін әйелдер Жүкті әйелдер Тез өсіп жатқан жасөспірімдер. 1 жасқа дейінгі балалар, егер анасы жүктілік кезінде анемиямен ауырған болса. Шала туылған, егіз нәрестелер. Созылмалы қан кетулері бар науқастар. Ішекке операциялар Қан донорлары

Слайд 37

Темір тапшылықты анемия, слайд 37
Диспансерлік бақылау
ҚЖА де темірдің деңгейін жылына 2-4 рет тексеріп тұру Организмде темір қорын толтыру мақсатында жылына 1-2 рет темір препаратын қабылдау ТТА қауіптілігін алдын-алу

Слайд 38

Темір тапшылықты анемия, слайд 38
Темірді жасырын жоғалтуды алдын алу
Темір препараттарын жылына 1-2 рет,1 ай көлемінде қабылдау ДДҰ ұсынысы бойынша жүкті әйелдер 3-6 ай бойы темірді 100 мг, фоль қышқылын 300 мкг тәулігіне қолдану Донор ерлер 800-1200 мл, ал әйелдер 400-800 мл -ден аспауы керек

Слайд 39

Темір тапшылықты анемия, слайд 39
Тамақтану реттілігі болу қажет
Екі валентті темірге бай тағмдарды көптеп қолдану (сиыр еті,балық,өкпе,бүйрек) Аскорбин қышқылына бай (жемістерді,көкөністерді, соктарды) Емізулі балаларға сүт өнімдерін шектеу Тамақтанғаннан соң шайды біраз уақыт өткесін ішу. Балаларға шай орнына түрлі соктарды беру
^ Наверх
X
Благодарим за оценку!

Мы будем признательны, если Вы так же поделитесь этой презентацией со своими друзьями и подписчиками.