Презентация - Тәрбие тіні – тал бесік

Нужно больше вариантов? Смотреть похожие
Нажмите для полного просмотра
Тәрбие тіні – тал бесік
Распечатать
  • Уникальность: 80%
  • Слайдов: 6
  • Просмотров: 3197
  • Скачиваний: 1136
  • Размер: 0.05 MB
  • Онлайн: Да
  • Формат: ppt / pptx
В закладки
Оцени!
  Помогли? Поделись!

Слайды и текст этой онлайн презентации

Слайд 1

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 1
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернаты
Тәрбие тіні – тал бесік
Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баедилова Жанар Анарбайқызы

Слайд 2

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 2
Келешек ұрпақты тәрбиелеуде отбасының алатын орны өте зор. Отбасы баланың жеке басын мінез -құлқын, ой-санасын қалыптастыратын, өмірге жол ашып, жөн сілтейтін ең алғашқы баспалдақ. Отбасының жеміс бере гүлі алтын тіреу діңгегі - бала. Халқымыз «Бесіктегі баланың күлгенін көрген бір ғанибет, алдына түсіп ананың жүргенін көрген бір ғанибет» - деп ой түйген. «Бесіксіз үйде береке жоқ». Бұл тек отбасы ошағының түтіні сөнбесін деген жеке бастың тілігінен туған мақал емес, сонымен қатар халықтың қамын, елдің ертеңі мен болашағы туралы ойлау.
Қазақ халқы нәресте шыр етіп жерге дүниеге келгеннен бастап өлең-жыр, әңгіме, ертегі арқылы адамгершілікке,имандылыққа баули бастайды. Оған дәлел ана әлдиінің өзінде үлкен сыр жатыр.Ана жас сәбиін бесік жырын айта отырып, тербетіп, оның келешекте ел қорғаған батыр, еңбексүйгіш адал азамат болуын армандап, бесіктегі кезінен бастап-ақ құлағына сіңіре берген. Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып Ұста болар ма екенсің?

Слайд 3

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 3
«Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе. Ұл жарылқап ас бермес, әке үлгісін көрмесе», - деп өсиет қалдырып кеткен. Осы үлгі өсиеттерді бүгінгі ата-аналар, болашақ ата-ана болар жастар әр уақытта естеріне түсіріп, сол асыл мұратты жолдарымызбен біздің де жүріп өтуіміз дұрыс болар. Психологтардың зерттеулері бойынша бала өзінің субъект екенін екі-үш жасында –ақ білдіре бастайды екен. Ол оның «мен» деген категориясының көрінуінен байқалады. (өзім ішем, өзім киемін, және т.б. түрінде), мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай әртүрлі әрекетті өзі орындауға деген талпыныстарын жасайды. Бұл айқын байқала бастайды. Еркін ойлап, өзін еркін сезіну оның жекелік қасиеттерін әрі қарай дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады. 1920 жылы үнділік психолог Рид Сингхке қасқырлардан екі қыз баланың айырып алуының сәті түседі. Біреуінің жасы шамамен 8-де, екіншісінің жасы 6,5 –да. Қыздарды қасқырлар шамасы бүлдіршін кезінде ұрлап әкетсе керек. Олар төрт тағандап жүріп түнде қасқырша ұлитын болған. Сингх оларды қайтадан тәрбиелеуге, адамдар отбасында өмір сүруге тырысады. Бірақ текке әуреленеді. Қыздардың кішісі бір жылдан соң қайтыс болады да үлкені 17 жасқа дейін өмір сүреді. Ол қасқырға тән кейбір қылықтардан айрылды, бірақ асыққан кезінде төрт тағандап жүретін болған. Іс жүзінде ол сөйлей алмайды, небәрі 40 шақты сөзді дұрыс қолдануды үлкен қиындықпен үйренеді. Адамдардың қарым-қатынасы оған мәңгі жат, әрі оғаш болып қалады.

Слайд 4

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 4
Газеттерде сондай- ақ Африка ормандарынан шамамен 10-12 жасар ақ нәсілді ұл баланың ұсталғаны жөнінде хабарлайды. Ол маймылдардың арасында өмір сүріп, олардың бүкіл қимыл әрекетін жете меңгерген. Үйретуге жасалған талаптарға қарамастан ол адам сөзін қабылдамаған. Тіпті күле де білмеген. Парагвайда қазіргі уақытта белгілі тайпалардың арасында ең артта қалғандарына жататын гуайкилдер тайпасы тіршіліек етеді. Олар негізінен жабайы аралардың балымен қоректеніп, тағам іздеу мақсатымен көшіп-қонып жүреді. Бөтен жандармен байланыс жасамайды, тілдері тым байырғы. Тайпаның көшіп кеткен жұртынан француз этнографы Веллар екі жасар қыз тауып алады. Ғалым қызды Францияға алып келіп, тәрбиелеуге шешесіне береді. 20 жыл өткеннен кейін (1958 жылы) әлгі қыздың өзінің дамуы жағынан тәрбиелі европалық әйелдерден ешқандай айырмасы болмайды, этнограф болып, француз, испан, португал тілдерін үйренеді. Бұл үш мысалды шведтің нейробиологы Холгер Хиден өз зерттеулерінде дәлелдейді. Баланың миындағы клеткаларды бір-бірімен байланыстыратын талшықтар ( нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиілей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезінде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Ғылымға белгілі әртүрлі себептермен аңдар арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмасының басты себебі де осы болар. XV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының еркінде. Сол сияқты балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» -деген болатын.

Слайд 5

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 5
Ата-ананың береген тәрбиесі баланың мінезіне салған ірге. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деген мақал тауып айтылған. Сондықтан да бала өмірінің алғашқы жылдарынан – ақ адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын алады. Жасынан сіңген мінезді есейгенде жоғалтуға басқа күшпен әсер етпесе және адам жанында өзгеше бір қуат болмаса мүмкін емес. «Сүтпен біткен мінез, сүйекпен кетеді»- деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді. «Тәрбие табалдырықтан басталады»-деген нақылдың өзі өмірден алынған шындық. Тән тану ғылымының зерттеуі бойынша адам хромосомдарындағы қасиет, ерекшелік атадан балаға гендер арқылы беріліп отырған. Дәл осыған байланысты қазақта « түбіне тартқан» деген сөз бар. Міне осының өзі баланың ұрпақ жалғастырушы екендігін көреміз. Бала ата-бабасының кейбір қасиеттерін іште жатып –ақ бойына сіңіреді. Олай болса, бала мінезінің қалыптасуының 70-80 % тегіне байланысты болмақ. Ал қалған мөлшерлері жанұядағы тәрбиеге қатысты. Қазақтың ұлы ағартушы-демократы Ы.Алтынсарин «Бақша ағаштары» атты әңгімесінде отбасы тәрбиесінің қаншалықты рөл атқаратындығын негіздейді. Түзу өскен ағаш пен қисық өскен ағашты салыстыра отырып, ағаштың қисық өсуінің себебін дер кезінде қарамағандықтан, керек емес бұтақтарын кесіп тастамағандықтан екендігін айтады. Олай болса жас ағаштың мәуелі жеміс беруі үшін кішкентай кезінен бағып қағу қажет екендігін дәлелдейді.

Слайд 6

Тәрбие тіні – тал бесік, слайд 6
Әрине бұл қызметті орындау ең бірінші ата-ананың міндеті. Солай десекте қазіргі қоғамның дамуына байланысты бала қоғамдық мекемелерден де тәрбие алуға мәжбүр. Бұндай рөлді балабақша мен мектеп атқарып отырғандығы бәрімізге белгілі. Бала 6 жасына дейін балабақшада, одан кейінгі 11 жыл мектеп қабырғасында сапалы біліммен тәрбие де алады. Әр мұғалім терең білім мен қатар бар жақсы қасиетті ұрпақ бойына сіңіруші тұлға. Ұстаз қызметі сонысымен де қымбат, құрметті. Солай десек те негізгі тәрбие көзі ата-ана, отбасы. Сондықтан үлгілі ата-ана бола білу бәріміздің міндетіміз.
^ Наверх
X
Благодарим за оценку!

Мы будем признательны, если Вы так же поделитесь этой презентацией со своими друзьями и подписчиками.